Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ауғандарға прикол ұстауға болмайды": Мұхамеджан Тазабек Алла сынаса, үйіңнен бас сауғалататынын айтты (ВИДЕО)

"Дұрыс айтасыз. Кеше ғана шүкіршілігін ұмытқан қазекең соғыстан бас сауғалаған ауғанстандық қандастарды кіргізбейміз деп байбалам салып еді..."

"Ауғандарға прикол ұстауға болмайды": Мұхамеджан Тазабек Алла сынаса, үйіңнен бас сауғалататынын айтты (ВИДЕО)
фото: qazaquni.kz

Ешкімге, ештеңеге күлуге болмайды (Өткенде ауғандарға күліп, прикол ұстағандарды айтам). Кімнің алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Алла сынаса, талибансыз да, полигонсыз да балаңды құшақтатып, туған үйіңнен түн жарымда бас сауғалатады. Мұхамеджан Тазабек instagram-парақшасында осындай жазба жариялады деп жазады Paryz.kz

Ұрлық-қарлықтан, қиянат зорлықтан Алла сақтасын! Артын күтейік, аптықпайық, артық сөйлемейік… Құзырлы мекемелер шұғыл қимылдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр екен. Алла қиналғандарға, жаралы болғандарға жәрдем етсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын! – деп жазды айтыскер. 

Желідегі оқырмандары оған сабыр тілеп, Жамбыл облысы тұрғындарына дұға етті. 

Алла жеңілдік берсін, Алла сабыр берсін, Алла жар болсын, Халқым аман болсын”, “Бұл жағдайды арыстықтар ғана түсінеді, үшінші жылға кетті әлі айра-жайра үйде тұрып жатырмыз”, “Құрметті ағайын! Алладан көбірек көмек айтып, кешірім тілейік. Алла аса мейірімді әрі кешірімді, көбірек кешірім тілесек, Алла елімізге мейірімін төгеді, неше түрлі апаттардан сақтайды”, “Алла жар болсын. Алла пана болсын барлығына”, “Алла сабыр берсін! Әмин! Алла жар болсын!”, “Аумин Мұхамеджан аға, алла жар болсын. Артын күтейік, тек жақсылық болсыншы”, – деп жазды желі қолданушылары.

Тазабектің енді бір оқырмандары тәліптерге күліп отырмағандарын жеткізді. 

"Күліп отырған жоқпыз, ағасы, Қорғаныс министрінің жауапсыздығына ашынып отырмыз! Арыс оқиғасы ешкімге сабақ болмаған екен, демек жауапты адамдар орнын босатуы керек және сот алдында жауап беруі керек!", "Ешкім ешкімге күлген жоқ!!! Және талибанды осы жерге қоспай-ақ қарулы күштер қаруды неге шірігенше сақтайды соны түсіндірсін", "Дұрыс айтасыз. Кеше ғана шүкіршілігін ұмытқан қазекең соғыстан бас сауғалаған ауғанстандықтар қандастарды кіргізбейміз деп байбалам салып еді. Алла басқа салмасын, тәкаппарлық пен іштарлық. Тәубеге келейік. Алдағы күніміз тек Аллаға мәлім" деп жазып жатыр.