Жамбыл облысындағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бұған қоса 50-ге жуық ТЖМ құтқарушысы өртпен күрес барысында зардап шеккен. 

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 12-ге жетті
фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан көз жұмғандардың саны 12-ге жетті деп хабарлайды Paryz.kz, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, тағы үш адамның денесі табылған. 

Тағы оқи отырыңыз: Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге шешім қабылдады

Жамбыл облысында болған жарылыстың салдарын жоюмен айналысқан тағы үш адамның денесі өрт аумағынан табылды. Олардың кім екендері анықталуда, – делінген министрлік хабарламасында. 

Бұған қоса 50-ге жуық ТЖМ құтқарушысы өртпен күрес барысында зардап шеккен. 

Тағы да оқи отырыңыз: "Жемқорларды ел білуі керек!": Белгілі заңгер Ермекбаевты шындықты айтып кетуге шақырды

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды. Салдарынан 98 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тағы 12-сі көз жұмды. Жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.