Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Еліміздің студенттеріне шетелде тағылымдамадан өтуге рұқсат берілді

Сондай-ақ вице-министр студенттер арасында коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті. 

Еліміздің студенттеріне шетелде тағылымдамадан өтуге рұқсат берілді
фото: ашық дереккөз

Студенттерге шетелдік тағылымдамадан өту іс-шарасы қайта басталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Эпидемиологиялық жағдай нашарлап, құзырлы органның тиісті шешімі болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшу бойынша дайындығы пысықталуы тиіс. Университеттер офлайн режимнен онлайн форматқа ауыстыру бойынша арнаулы жоспар, яғни алгоритм дайындайтын болады. Жаңа оқу жылында білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу және шетелдік тағылымдамалардан өту іс-шаралары қайта басталады деп жоспарлап отырмыз,- деді ол.

Сондай-ақ вице-министр студенттер арасында коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті. 

Сонымен қатар оқу ақысына немесе жатақханада тұру ақысына жеңілдіктер беріліп жатыр. Қызметкерлер үшін сыйақы және басқа да ынталандыру шаралары қабылдануда. Санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Айта кету керек, көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен бірге жылжымалы сабақ кестесін белгілеу жоспарланып отыр, - деді ол брифингте.