Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Жамбыл облысында өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кеткен (ВИДЕО)

Әділет Әділбеков кеше жарылыс болған сәтте бірден жұмысқа шақырылған.

Жамбыл облысында өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кеткен (ВИДЕО)
фото: inform.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс кезінде жұмысқа шақырылған өрт сөндіруші үйіне оралмаған деп хабарлайды Paryz.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап.

Байзақ ауданы Құмжота ауылының тұрғыны, өрт сөндіруші Әділет Әділбеков кеше жарылыс болған сәтте бірден жұмысқа шақырылған. Туысқандары содан бері бір хабар ала алмай, үрей құшағында отыр.

Ұлын уайымдап, әке-шешем ауырып қалды. Әкемнің қан қысымы көтеріліп кетті. Әлсін-әлсін жүрегі қысылып қала береді. Жағдайы өте ауыр, - дейді Әділеттің әпкесі Рәзия Ибрайымова.

Әділет 27 жаста, үйленбеген. Жақындары оны көрген-білген адам болса, 8 775 54762 27 нөміріне хабарласуын сұрайды.