Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мүгедекті жұмысқа алған кәсіпорынға тоқсанына 42,5 мың теңге өтемақы жарнасы енгізілмек

Сенатта өткен әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесу барысында Біржан Нұрымбетов Еңбек министрлігі мүгедектігі бар тұлғаларға арналған заңнамаға түзетулер топтамасын әзірлегенін айтты.

Мүгедекті жұмысқа алған кәсіпорынға тоқсанына 42,5 мың теңге өтемақы жарнасы енгізілмек
Фото: elnacional.com

Қазақстанда мүгедектігі бар адамды жұмысқа алған кәсіпорынға тоқсанына 42,5 мың теңге өтемақы жарнасын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады paryz.kz.

Сенатта өткен әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесу барысында Біржан Нұрымбетов Еңбек министрлігі мүгедектігі бар тұлғаларға арналған заңнамаға түзетулер топтамасын әзірлегенін айтты.

"Олардың бірі осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындары квотасын іске асыруды ынталандыруға бағытталған. Осылайша, баламалы нұсқа – тоқсанына 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 42,5 мың теңге өтемақы жарнасын енгізу жоспарлануда. Бұл шара мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік жауапты кәсіпорындар арасында жұмысқа орналастыруға бағытталады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын жеке HR-агенттіктердің қызметіне төленетін ақыны ұлғайту жоспарланып отыр.