Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстандықтар халық санағы кезінде 91 сұрақ қойылатынына наразы

Ұлттық науқанға бюджеттен 9,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 3.5 миллиарды игеріліпті. 

Қазақстандықтар халық санағы кезінде 91 сұрақ қойылатынына наразы
фото: ашық дереккөз

Қыркүйекте елімізде халық санағы басталады. Санақ өткізуге арналған парақтар 91 сұрақтан тұрады. Олар үйдегі адам саны, тұрғын үй жағдайы, үй шаруашылығының әр мүшесі толтыратын жеке санақ парақтары деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жалпы биылғы науқанның ерекшелігі – санақ парақшаларына жаңа сұрақтар енгізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.

Санақ парақтарына халықтың көші-қоны, тіршілік қабілетін шектеу, пандемияның табыс деңгейіне әсері, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық және халықты вакцинациялау туралы жаңа сұрақтар енгізілді.

Сұрақтардың мазмұны мен санын естіген тұрғандар жағасын ұстады.

“Артық сұрақтар бұлар”, “91 сұраққа ма?”, “Сол халық санағында иә? Керегі жоқ сияқты, уақытты алады ғой”, “Оның бәрі түгел қажет деп ойламаймын. Оның ішінде қажет емес сұрақтарда бар шығар мүмкі” , - дейді тұрғындар. 

Санақ жүргізуге 32 мыңнан астам адам тартылады. Соның ішінде жұмыссыз жүрген азаматтар мен студенттер де бар. Бірақ олардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Жалпы халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі. 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта және қазан айының бірі мен отызы аралығында электронды планшеттер пайдалану арқылы дәстүрлі сауалнама арқылы жүреді.

Ұлттық науқанға бюджеттен 9,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 3.5 миллиарды игеріліпті.