Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Шымкентте жүздеген мұғалім үстемеақыны мемлекетке қайтарды

Күдіктілер қатарында қалалық Білім басқармасының қызметкері мен аттестаттау комиссиясының төрағасы бар.

Шымкентте жүздеген мұғалім үстемеақыны мемлекетке қайтарды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте біліктілігін арттыру сертификатын сатып алған ұстаздар бар деп хабарлады Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Яғни 344 мұғалім бұдан 2-3 жыл бұрын жалған құжат жасатып, үстемеақы алып келген. Олардың көбі алған ақшасын сотқа дейін-ақ қайтарған. Ал 23-і кінәсін мойындамаған. Алайда сотта анықтаманың жалған екені дәлелденді. Яғни олардың аты-жөні республикалық Тестілеу орталығының деректер базасында тіркелмеген. Ал сертификатты сатқандардың ісі сотта "Алаяқтық" фактісі бойынша қаралып жатыр.

Күдіктілер қатарында қалалық Білім басқармасының қызметкері мен аттестаттау комиссиясының төрағасы бар.

Білім басқармасының талап арызы толық қанағаттандырылып, біліктілік санатын беру туралы куәліктері жарамсыз деп танылды және 23 жауапкерден 15 миллионға жуық ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Төрт жауапкерге қатысты бөлігі талап қоюшының арызы бойынша қараусыз қалдырылды, - деді қаланың әл-Фараби аудандық сотының судьясы Нұрғали Исмаилов.