Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ақтөбе оқушылары күткен 19 мың ноутбук пен 2 мың планшет әлі жоқ

Компьютер мен планшеттерге облыс бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек, республикалық қазынадан шамамен 3 млрд теңге беріліпті.

Ақтөбе оқушылары күткен 19 мың ноутбук пен 2 мың планшет әлі жоқ
фото: astana-akshamy.kz

Ақтөбе облысында қашықтан оқып жатқан оқушыларға уәде етілген ноутбуктар мен планшеттер әлі жеткізілмеген. Қыркүйектің онына дейін әкеліп, таратылуы тиіс болған техникадан әлі күнге хабар жоқ, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Амалы таусылған білім басқармасы енді мердігерлерді сотқа бермек. 19 мың ноутбук, 3 мың компьютер мен планшеттерге облыс бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек, республикалық қазынадан шамамен 3 млрд теңге беріліпті. Қомақты қаржыға 3 бірдей мердігер қажетті техниканы жеткізіп беруді мойнына алған.

"Мына пандемияға байланысты келісім шартта 10 қыркүйекте әкелу керек болса, олар бізге кешіктіріп жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес, біз ол мердігерлерді сотқа береміз міндетті түрде. Сол тауарларды уақытында жеткізбегені үшін өздерінің келісім шартта қаралған айыппұлдық санкциялары бар. Міндетті түрде ол соларға қолданылады", - деді облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ақмарал Мыржықбаева.