Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Маңғыстау облысында мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етті (ВИДЕО)

Азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты олар жалақыны 250-300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды.

Маңғыстау облысында мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай кен орнының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты деп хабарлайды Paryz.kz, "Лада" басылымына сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Қаламқас кен орнындағы "Ақтаукрантехсервистің" 200-ден астам қызметкері және Жетібай мен Жаңаөзен кен орындарындағы жұмысшылар жалақысын көтеру туралы өтініш білдірді. Оларды Ақтаудағы әріптестері де қолдады.

Жұмысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта бір қызметкердің жалақысы 120 мың теңгені құрайды. Азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты олар жалақыны 250-300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды.

Кеше, 24 тамызда жұмысшылар президентке, премьер-министр Асқар Маминге, "ҚазМұнайГаз" АҚ Президенті Алик Айдарбаевқа және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовқа наразылықтарын айтып, жүгінді.