Павлодарда жөндеуден өткен перзентхана жаңбыр суына толып кетті (ВИДЕО)

Жөндеу проблемасымен жергілікті нұротандықтар айналысыпты.

Павлодарда жөндеуден өткен перзентхана жаңбыр суына толып кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Павлодарда перинаталды орталықтың жөнделген шатырынан жаңбырдан кейін су ағып, бүкіл ғимаратты су басып қалды деп хабарлайды Paryz.kz.

Kerek.pv instagram-паблигі.таратқан видеодан төбеден, розеткалардан су сорғалап жатқанын көруге болады. Ғимараттың бесінші қабатынан бірінші қабатына дейін су басқан.  

Жөндеу проблемасымен жергілікті нұротандықтар айналысыпты. Nur Otan партиясы Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сапасыз жөнделген шатыр үшін "ҚазЕвроСтрой" ЖШС мердігер ұйымының құрылысшыларына шүйліккен.

Бұл әлеуметтік нысан, бұл жерде сәбилер дүниеге келеді. Сіз бен біздің балаларымыз... - деп ашуланды ол.

Партия мүшесі перинаталды орталыққа "идеологиялық және патриоттық" тұрғыдан қарауды талап етті.