Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Вакцина салдырған Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған.

Вакцина салдырған Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды деп хабарлайды Paryz.kz, Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әубәкіров 21 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасына денсаулық жағдайын айтып жүгінген. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-талдауына үлгі алған. Нәтиже оң болған.

Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровке рецепт жазып, емдеу бойынша ұсыныстар берген.

Науқастың айтуынша, бұл - алтыншы күн. Ол "Сумамед" препаратын өз бетінше қабылдаған. Ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеді. 23 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы госпиталінің жылжымалы бригадасының дәрігерлері үйде кеуде сегментінің томографиясын жасап, сынама нәтижесі бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, - делінген хабарламада.

24 тамызда таңертең дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровпен сөйлесіп, оны жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірген. Ол орташа ауыр дәрежедегі COVID-19 жұқтыру, екі жақты полисегменталь пневмония КT-1 диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған.