Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Қызымды педофил деп айыптады": Ашынған ана Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)

Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде қыздың әкесі өзінің бұрынғы жұбайын педофил деп айыптаған.

"Қызымды педофил деп айыптады": Ашынған ана Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың ақпан айында ақтөбелік келіншек өзінің қызының жыныстық мүшелерін суретке түсірді деп айыпталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің анасы қызы дәлелсіз 6 ай бойы қамауда және оған «темір торда қысым көрсетіліп жатыр» дейді. Бұл туралы Paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ашынған ана өзінің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған бейнеүндеуін Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.

Құрметті, қазақ елі! Құметті президент Тоқаев!

Мен Ақмамық Нұрғалиева, Аида Жұмамұратованың анасымын. Менің қызым заңсыз түрде 6 ай бойы Ақтөбедегі №5 тергеу изоляторында отыр.

Қызымның бұрынғы күйеуі оны 7 жыл бойы ұрып, қорлаған. Ал енді әлеуметтік желілер арқылы жергілікті блогерлердің көмегімен қызымды педофил деп айыптап, немеремнің жыныс мүшелерінің суреттерін таратуда, – дейді Ақмамық Нұрғалиева.

Оның айтуынша, тергеу кезінде қызының кінәсіз екені дәлелденген. Бірақ Ақтөбе қаласының прокуратурасы тергеу әрекеттерін әрі қарай жүргізіп жатыр. Қызы бостандыққа шықпаған.

Түрмедегілер менің қызымды ұрып, оған психологиялық қысым көрсетеді. Ол өзіне қол жұмсауы мүмкін, – деп жазды Жұмамұратованың анасы.

Ақмамық Нұрғалиева әділеттілікке жете алмай қаламыз ба деп қорқып отыр. Сондықтан істі басқа облыстың прокурорларының қарауын сұраған.

Құрметті қазақстандықтар, маған көмектесулеріңізді сұраймын. Мен біздің қаладағы заңсыздықтан қорқамын. Олар ойларына келгендерін істеп отыр. Одан жазықсыз адамдар зардап шегіп жатыр. Мен Ақтөбе прокурорларына сенбеймін. Бұл істі қарайтын прокурор судьямен істі сотқа беру туралы келіскеніне сенімдімін. Мен басқа облыстың прокурорларының қызымның ісін қарауын сұраймын, – деп сұраған күдіктінің анасы.

Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде қыздың әкесі өзінің бұрынғы жұбайын педофил деп айыптаған.