Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдық демеушілер 400-ге жуық оқушыға көмек көрсетті

Орал қаласы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында жыл басынан бері  400-ге жуық оқушыға көмек көрсетілді.

Оралдық демеушілер 400-ге жуық оқушыға көмек көрсетті

Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында тұрақты негізде жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда.  Орал қаласы білім берубөлімінің  мәліметінше, 20 тамызға дейінгі жағдай бойынша көмекті қажет ететін отбасылардағы 400-ге жуық оқушыға 4,508 млн. теңгеге демеушілер көмек көрсетті. Көмек қаржылай ұсынылуымен қатар азық-түлік, кеңсе тауарлары, киім-кешек, оқу құралдары және компьютерлік техника алып беру арқылы көрсетілген. 

Бөлім мамандары жомарт жандарды халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда  азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

 – Балғындардың мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы керек. Осы ретте жомарт жүректі  азаматтарды  акция аясында оқушыларымызға қолдау көрсетуге шақырамыз, – дейді қалалық білім беру бөлімінің бас маманы  С.Мұратова.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсету 2019 жылдан бастап жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Осы орайда «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы 2020 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Томирис СҰЛТАН