Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 570 млн. теңгедей қаражат қарастырылған.
Бірнеше жылдан бері көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатыры мен сынған жедел сатысын алмастыруда, кіреберістерді жөндеуде «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасына деген сұраныс артып келеді. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сүйенсек, биыл 24 нысан бойынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. 5 үйде лифт шаруашылығын ауыстыру және 19 нысанда шатырдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүгізіледі. Қазіргі уақытта 10 нысанда жұмыстар аяқталған. 5 нысан бойынша жұмыс жалғасуда.
Жалпы Орал қаласында 1246 көпқабатты тұрғын үй бар. «Өңірлерді дамыту – 2020» және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» бағдарламалары аясында 127 көп пәтерлі үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Томирис СҰЛТАН