Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда мектептердегі қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қамтамасыз етеді

Орал қаласындағы білім ұялары 1 қыркүйектен бастап оқушыларды оффлайн түрінде оқытуға дайындықтарын пысықтауда. Оқушылар үшін барлық санитарлық талаптар сақталып, оқу үрдісі ұйымдастырылатын болады. Білім ұяларына «Ашық» жобасы енгізілді.

Оралда мектептердегі қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қамтамасыз етеді

2021-2022 оқу жылында қала мектептерінде 55 мыңдай оқушы білім алады деп күтілуде. Бірінші сыныпқа 6 мыңнан астам бүлдіршін қабылданып отыр.

Мектептерге оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар сатып алынды. 1 сыныптарға жаңартылған білім бойынша оқулықтар түгел ауысады, 2-11 сыныптар қосымша оқулықтармен толықтырылады. Мектепалды даярлық сыныптары мен 1 сыныптарға жұмыс дәптерлеріне тапсырыс берілген. Жыл сайынғы үштілдік оқуға бағытталған сыныптар оқулықтармен толықтырылады. 7-8 сыныптарға информатика пәні бойынша оқулықтар сатып алынады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханалары 151 мыңдай көркем әдеби кітаптармен толықтырылады.

«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша 92 жаңа кабинетке жабдықтар сатып алынуда.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала мектептеріне дабыл түймелері орнатылып, дабыл түймелерінің мектеп бейнекамералары арқылы Полиция қызметіне бейнесигнал беруге мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ білім ұйымдарын мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету көзделуде.

Томирис СҰЛТАН