Полиция басшысы қол астындағы қызметкерін балағаттап, погонын жыртып тастаған (ВИДЕО)

Басшылық пен қатардағы қызметкер арасында не болғаны белгісіз.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының басшысы қол астындағы қызметкерлерінің погонын жыртып, балағаттады деген жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаға сілтеме жасап.

Дәулет Бағашар есімді полицей бастығының өзіне дөрекі сөйлеп, бейнетіркегішті де жұлып тастағанын видеоға түсірген еді. Видеода Дәулет Бағашар киімінің жыртылғанын көрсетіп, қалтасынан погонын шығарып жатыр. Ал оны түсіріп тұрған адамның аты аталмайды.

Бірақ Полиция басқармасының басшысы оның да погонын жыртып тастағанын айтады. Басшылық пен қатардағы қызметкер арасында не болғаны белгісіз.

Аталған дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, жарияланған бейне және аудиожазбалар барлық егжей-тегжейлі зерттелуде.

Сараптама нәтижелері шыққаннан кейін аталған бөлімшенің лауазымды тұлғаларының іс әрекеттеріне баға беріледі және тиісті шешім қабылданады, – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.