Қоянбаевтың әріптестері мен оқырмандары ол үшін қуанып қалғандарын жеткізді.
Оңтүстік Кореяда ресми іс-шараға қатысқан әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін көрсетті деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Қоянбаев желідегі парақшасында жазды.
Қазақстан – Оңтүстік Корея елдерінің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен Оңтүстік Корея президентінің резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Мун Чжэ Ин келіссөздер өткізді.
Қазақ-корей мәдениетіне көпір болу мақсатымен Оңтүстік Корея нарқындағы беделді "Big Ocean" компаниясымен екіжақты келісімге қол қойдық.
Қазақ мәдениеті мен өнері алты құрлыққа таралып, айтары мен алар асқары биік болса – шығар белесіміздің де шарықтайтыны хақ! Өнер деп соққан қазақ жүректер көп болсын! – деді ол.
Қоянбаевтың әріптестері мен оқырмандары ол үшін қуанып қалғандарын жеткізді.
"Тек қана сәттілік", – деп тілек білдірді актриса Әсел Сағатова.
"Нұреке, молодец, қазақ өнері мен мәдениетін дамытатын өздерің сияқты өнер адамдары болуы керек", "Биіктен көрінуіңе тілектеспін, керемет!", "Нұрлан, красавчик қазақ елі сенімен мақтана аламыз", – деп жазды оқырмандар.