Тұрсынбек Қабатов өзіне жала жабылғанын мәлімдеді

"Адамның алдында да,  Алланың алдында да арым — таза!"

Тұрсынбек Қабатов өзіне жала жабылғанын мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Соңғы уақытта басы даудан арылмай жатқан танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов instagram-парақшасында жалаға қалғанын айтып, осы орайда өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.   

"Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да,  Алланың алдында да арым — таза!

Алдағы уақытта құқық қорғау оргондары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын..Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-буыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын! Қасиетті жұма мүбәрак болсын!" - деді ол.