Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бәйтерек» холдингі таза табысын мемлекетке беруден бас тартып отыр

«Былтыр да осылай істеген болатын»...

«Бәйтерек» холдингі таза табысын мемлекетке беруден бас тартып отыр
фото: utmagazine.ru

"Бәйтерек" ұлттық холдингі былтырғы таза табысының тек 19,4 пайызын мемлекетке берді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронадағдарыс кезінде ұлттық компанияларға таза табыстың барлығын мемлекетке қайтаруды тапсырған болатын деп хабарлайды Paryz.kzNege.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық басқарушы холдингтің жылдық есебіне сай, 2020 жылғы таза пайда 51,5 миллиард теңгені құрады. Оның 40,3 миллиард теңгесін ұлттық холдинг өзіне қалдырды. Мемлекетке тек 10,2 миллиард теңге қайтарылды.

«Дивидендін мемлекетке беруге келгенде «Бәйтерек» әдеттегідей сараңдық танытып отыр», - дейді EXANTE брокерлік компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев. «Былтыр да осылай істеген болатын».

Бұған дейін олар негізгі табысты өздерінде қалдырып, ақшаны еншілес ұйымдары «Отбасы банк» пен «Даму» қорына беріп келді. Қазір өздеріне тиісті Қазақстанның инвестициялық қорын сатты. Оны сатудан түскен қаржы әдеттегідей Ұлттық қорға аударылуы тиіс, - дейді ол.

«Бәйтерек» холдингі осы айда Қазақстанның инвестициялық қорын сатудан 10 миллиард теңге түсіргенін айта кету керек. Былтыр жекешелендіруден холдинг мемлекетке бар-жоғы 535 мың теңге аудара алған еді. Биыл кем дегенде Ұлттық қорға 10 миллиард теңге жіберуі тиіс. Холдингтің басқарушы құрамына кіретін алты адам 2020 жылы 248,5 миллион теңге кіріс алды. Әр адамға шаққанда 41,4 миллион теңгеден келеді. Ай сайын 3,4 миллион теңгеден. Батыс стандарттарына шақсақ, әрі теңгенің құнсыздануын ескерсек, бұл аса көп сома емес.

Холдингтің қаржылық тиімділігінің сыналар тұсы биылға келіп отыр. Соңғы жылдары қарыздан көз ашпаған «ҚазАгро» биыл "Бәйтерекке" қосылғандықтан, бізді 2021 жылдық қаржылық есебі қандай болатыны аса қызықтырады.