Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Елордада Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тәшеневтің ұрпақтары қатысты.

Елордада Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатылды
фото: Бауыржан Жуасбаев

Елордада мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатылды деп хабарлайды Paryz.kz

Ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тәшеневтің ұрпақтары қатысты.

Жергілікті билік елемесе де, Жұмабек Тәшеневті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі айтқан екен: «Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын» деп. Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы, - деді экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімов.

Ал жазушы Сәбит Досановтың Тәшенев біздің мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалған тұлға екенін айтты. 

Егер Жұмабек Тәшенев болмаса, біз осы жерде тұрмас едік. Бес облысымыздан айырылып қалатын едік. Ол кісі біздің мемлекетіміздің тұтастығын сақтаған тұлға. Ол кісіге қандай құрмет болса да, көрсетуіміз керек, - деді ол.

Саян Жұмабекұлы отбасы үшін ерекше күн екенін жеткізді. 

Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Себебі әкеміздің ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіштің ашылғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына рахметімді айтамын. «Әкеңнің еңбегін неге насихаттамайсың?» деген адамдар көп болды. Нағыз еңбек сіңірген адамды халық өз құрметтейді. Біздің әкеміз тек әке емес, нағыз патриот болғанына қуанамыз. Туған жерінде тұрған ескерткіш қандай керемет. Бәріне рахмет, - деді ол.

Ескерткішті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов ашты.