Маңғыстауда ереуілге шыққан әйелдердің талабы орындалды (ВИДЕО)

Жұмысшы әйелдер жалақыны екі есеге көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында 13-жалақыны беруді талап еткен. 

Маңғыстау облысында ереуілге шыққан әйелдердің талабы орындалды деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.   

"Қаражанбасмұнай" компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 18-19 тамызда мердігерлік компания - "Caspian Food" ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Оған екі вахта жұмысшылары да қатысты. Келіссөздер кезінде жалақыны көтеруге шешім қабылданды. Оны әйелдер ұжымы да растап отыр. Олар бейнеүндеу жазып, компания басшылығына алғыс білдірді.

Біздің талап-арызымыз бойынша бәрі оңынан шешілді. Барлығымыз ризамыз. "Caspian Food" мекемесіне және басшылығына талабымызды орындап, мәселемізді шешкені үшін алғысымызды айтамыз. "Caspian Food" мекемесі жасасын!, - дейді жұмысшылар.

Айта кетері, 4 тамызда осы ұжым ереуілге шығып, президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.

Жұмысшы әйелдер жалақыны екі есеге көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында 13-жалақыны беруді талап еткен.