Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай

Орал қаласында 2021 жылға арналған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары бекітілген жоспарға сай жүруде.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай
фото автора

Іс-шара жоспарына сәйкес, 4 қиылысқа бағдаршам орнатылды.  Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  мәліметінше, Алаш пен Еуразия көшелерінің қиылысында, Деркөл кентінде Айналма жол- Набережная көшесінің қиылысына бағдаршамдар қойылды. Сондай-ақ Жамбыл көшесі мен Ружейников көшесі қиылысына қойылған бағдаршам іске қосылуда. Жақын күндері Белинский көшесі мен айналма жол қиылысына бағдаршам нысаны орнатылады.

Орал қаласында 460 жаяу жүргінші өтпесі бар. Оның 29-ы бағдаршаммен реттеледі. 139 жерге жасанды кедергілер қойылған, оның 20-сы биыл орнатылды.

Шаһарда 10 мыңнан астам жол белгісі бар. Биыл соның 55-і қалпына келтіріліп, 18-і ауыстырылды және 228 дана жаңа жол белгісі орнатылған.

Томирис СҰЛТАН