Алматыда жалған вакцина паспортын жасағаны үшін емхана бастығы ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Алматыда жалған вакцина паспортын жасағаны үшін емхана бастығы ұсталды
фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық емханасының басшысы мен оның қарамағындағылар және арадағы делдалдар жалған екпе төлқұжаттарын жасағаны үшін ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz

Олар жаһандық пандемия кезеңінде, сондай-ақ, Алматы қаласының аумағында COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау үшін белгіленген карантиндік режимде 100-ден астам жалған екпе төлқұжатын дайындап, ақшалай сыйақыға сатқан, яғни Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакциналау" электронды жүйесіне вакцина алушылар туралы реестрге әдейі жалған мәліметтер енгізген, соның негізінде egov.kz электронды үкімет порталында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілгені туралы жалған электронды төлқұжаттар жарық көрді, - деп хабарлады Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтайтын соңғы шешімді сот қабылдайды.