Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Маңғыстауда анасы балаларын бұрынғы күйеуінен күштеп тартып әкетпек болды (ВИДЕО)

Балалар әкесінің жанында қалғысы келген.

Маңғыстауда анасы балаларын бұрынғы күйеуінен күштеп тартып әкетпек болды (ВИДЕО)
Фото: pravmir.ru

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған балалар анасымен тұрудан бас тартты, деп хабарлады paryz.kz"Лада" басылымына сілтеме жасап

Қазнетте белгісіз әйелдің бұрынғы күйеуінің үйінен балаларын алып кетуге тырысқаны түсірілген видео тарап жатыр. Ажырасқаннан кейін сот шешімі бойынша анасы оларды үйіне алып кетуі керек екен, ал балалар онымен бірге барғысы келмеген.

Оқиға Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, отбасылық жанжалдан кейін балалар әкесінің жанында қалған. 

"Оқиға 2 қазанда Басқұдық ауылында болған. Бекініс пунктіне әйел бұрынғы күйеуі балаларын бермей жатыр деген шағыммен келген. Кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалар тұратын үйге барды. Бірақ балалар анасымен барғысы келмесе, оларды күштеп алып кете алмайтынын және психикасына травма келтірмейтінін ескерткен. Сондай-ақ оған қамқорлық бөліміне баруға кеңес берген, алайда ол бас тартқан. Балалар әкесіне оралған. Полиция қызметкерлері балаларының анасымен барғысы келмейтінін көріп, оған және оның қорғаушысына соттың приставымен келуді өтінген", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілер.