Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарда вакцина паспортын сатып алған әйел коронавирустан қайтыс болды

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың өмірі үшін күрес үш аптаға созылған.

Павлодарда вакцина паспортын сатып алған әйел коронавирустан қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырудан бас тартып, екпе паспортын сатып алған алпыс жастағы Павлодар тұрғыны коронавирус инфекциясынан туындаған пневмониядан қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың өмірі үшін күрес үш аптаға созылған.

Егде жастағы әйел бірнеше күн бойы үйде емделіп, денсаулық жағдайы күрт нашарлағаннан кейін, 29 шілдеде медициналық мекемеге түскен. Осы уақыт ішінде науқастың дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел мен әлсіздік мазалаған. Біраз уақыттан кейін әйел жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, 18 күн бойы өздігінен тыныс ала алмаған.  

Ол толық ем алды. Бір күн бұрын науқастың жағдайы тұрақсыз болды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, оның жағдайы біртіндеп нашарлай берді, жүрек қызметін қалпына келтіру мүмкін болмады. Өкінішке қарай, науқас бүгін қайтыс болды, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға түскен кезде арабтар өндірген қытай вакцинасының екі компонентін алғанын жеткізген. Алайда әйел қайтыс болғаннан кейін туыстары марқұмның екпе паспортын елдің басқа өңіріне барған кезде сатып алғанын айтқан.