Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Желіде порнографиялық видео таратқан 20 жастағы оралдық анықталды

Тәртіп сақшыларының дерегінше, киберқауіпсіздік саласындағы қылмыстардың антирейтінгінде интернет-алаяқтық бірінші орында тұр. 

Желіде порнографиялық видео таратқан 20 жастағы оралдық анықталды
фото: ашық дереккөз

Орал тұрғыны әлеуметтік желіде порнографиялық сипаттағы видеоны таратқан. Факті киберқауіпсіздік саласындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталған деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпараттандыру және байланыс саласында жалпы 48 заң бұзушылық анықталған. Порнографиялық материалдар таратқан 8 интернет-ресурс белгілі болған. Мәселен, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Оралдың 20 жастағы тұрғыны "ВКонтакте" желісінде порнографиялық видео таратқаны мәлім болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Порнографиялық материалдар немесе заттарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, киберқауіпсіздік саласындағы қылмыстардың антирейтінгінде интернет-алаяқтық бірінші орында тұр. "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында 34 факті ашылған. Осындай жағдайлардың бірінде 23 жастағы жігіт ЖШС-ның 27 жастағы қызметкерінің телефонын, фотосы мен деректерін пайдаланып, оған iPhone-ды несиеге рәсімдеген. 400 мың теңге шығын келтірілген. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнографиялық сайтты анықтаған болатын. Сондай-ақ жеті күн ішінде 12 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленген.