Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Вакцина алған адамдардың телефондарын бұғаттайды»: Тағы бір ақпарат желдей есті

Осы және алаяқтардың мұндай әрекеттерінің құрбанына айналмау туралы толық ақпаратты KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтынан оқуға болады.

«Вакцина алған адамдардың телефондарын бұғаттайды»: Тағы бір ақпарат желдей есті
фото: дереккөз

WhatsApp мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz

Біреулер қоңырау шалып, COVID-19-ға қарсы вакцина алған болсаңыз, 1 санын басуды сұрайды екен. Нәтижесінде телефон бұғатталып қалады. Бұл жағдай расталмады, - делінген StopFake.kz хабарламасында.

 



Алаяқтықтың бұл түрі техникалық тұрғыдан мүмкін бе деген сұрақпен біз KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне жүгіндік.

Егер алаяқтар әлеуметтік инженерия көмегімен қандай да бір пайдаланушы деректерін иемденбесе, қоңырау шалып, телефонды басқару мүмкін емес. Мысалы, егер бұған дейін қандай да бір енгізу кодтары, смс-кодтар және өзге де авторизациялық деректер берілсе, – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Әлеуметтік инженерия – бұл психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге негізделген пайдаланушылардың жеке деректерін алу әдісі. Әлеуметтік инженерияға мысал ретінде банктердің атынан жалған хабарламалар, SMS-код немесе банк картасының CVC кодын және т.б. айтуды сұрайтын "қауіпсіздік қызметі өкілдерінің" қоңырауларын келтіруге болады.

Осы және алаяқтардың мұндай әрекеттерінің құрбанына айналмау туралы толық ақпаратты KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтынан оқуға болады.

Демек ұялы телефонды жай қоңырау шалу арқылы бұғаттау мүмкін емес. Алайда алаяқтар СМС-кодтарды, парольдерді немесе басқа да жеке ақпаратты алдап алып, сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе алады, - делінген хабарламада.