19.08.2021, 14:45

ШҚО-да балаларға есірткі сатқан фармацевт ұсталды

фото: ашық дереккөз

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацевт ұсталды, одан 11 дана "тропикамед" препараты тәркіленіп, "Трамадол" препаратының 2 данасы, сондай-ақ, жалған "сатып алушыдан" өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы қаражат алынды. 

Шығыс Қазақстан облысында дәріханалардың бірінде кәмелетке толмағандарға есірткі сатып келген фармацевт ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментіне кәмелетке толмағандарға "трамадол", "тропикамед" препараттарын рецептсіз сатып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шара қабылдау туралы арыз келіп түскен. 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арызды тексеру мақсатында әлгі дәріханадан "тропикамед" препаратын 1200 теңгеге сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацевт ұсталды, одан 11 дана "тропикамед" препараты тәркіленіп, "Трамадол" препаратының 2 данасы, сондай-ақ, жалған "сатып алушыдан" өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы қаражат алынды. 

Дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал ШҚО Медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.