Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Appstore-да дәрі іздеуге арналған мобильді қосымша пайда болды

Қосымшадан Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмекті табуға болады

Appstore-да дәрі іздеуге арналған мобильді қосымша пайда болды
Фото: 123ru.net

Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмек топтамасы енген DariKz мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы IOS платформасында жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Енді қосымшаны пайдалану ыңғайлы, әлдеқайда жылдам және AppStore-дың барлық талаптарына сай келеді. Darikz мобильді қосымшасы арқылы елде тіркелген дәрілер туралы ақпарат алуға болады. Қосымшада дәрілік препараттың мөлшері, концентрациясы, сақтау мерзімі және ерекше белгілері, дәрінің түпнұсқа немесе дженерик екендігі, дәрігердің рецептімен немесе рецептісіз берілетіні туралы мәлімет бар.

Сондай-ақ, "Шекті баға" бөлімінде дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға болады. Егер оның құны Қазақстанда рұқсат етілген шекті бағадан асып кетсе, қосымшада шағым қалдыруға болады. Қазіргі уақытта қосымшаның дәрілік заттар дерекқорына 18 мыңға жуық препарат енгізілді, оның ішінде 6500 дәріге шекті баға белгіленген.

Дәрілік заттарды іздеу оның саудадағы атауы, тіркеу куәлігі және халықаралық патенттелмеген атауы бойынша жүргізіледі. Дәрі-дәрмек туралы барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Бұған дейін Android платформасында DariKz қосымшасын 123 мың пайдаланушы жүктеп алып, сәтті қолданған болатын.

1.5.3 нөмірлі "DariKz" жаңа нұсқасы iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға да қолжетімді болып отыр.