Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдық «Жасылелдіктер» белсенділік танытуда

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының биылғы жұмысына Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері көп үлесін қосуда. Еңбек маусымына БҚАТУ-дың 123 студенті тартылған.

Оралдық «Жасылелдіктер» белсенділік танытуда
фото автора

«Жасыл ел» жасағының құрамындағы жігіттер мен қыздар арнайы киіммен, тегін жатақханамен қамтылды. Олар жаз айларында университет аумағында көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарды. Студенттер үш лекпен жұмыс істеді. Қазіргі үшінші кезеңде 43 студент еңбек етуде.

-Біздің университет жұмыс беруші тарап ретінде бұл студенттерге қосымша 42500 теңге жалақы төлейді. Тағы бір айта кетерлігі, осы жастардың күшімен биыл «Жәңгір хан атындағы жеміс бағы» жасақталды, – дейді БҚАТУ-дың жастар бастамасын дамыту орталығы директорының орынбасары Мейрам Оспанов.

«Жасылелдіктердің» қатарына биыл алғашқы рет қосылған студенттердің бірі - Ерасыл Байзақов. Болашақ мамандығы құрылыс инженері болып табылтан ол осында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысып, мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап жүргенін айтады. Сонымен қатар жазғы демалыстағы уақытын тиімді пайдаланып, табыс табуда. «Жалпы «Жасыл ел» бағдарламасы – жастар үшін үлкен мүмкіндік,-дейді ол.- Келесі жылы да осы бағдарлама бойынша жұмыс істеу ойымда бар».

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы