Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Энергия үнемдеу жүйесіне көшкен білім ұйымдары

Орал қаласындағы білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайындықты аяқтай келді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен күрделі жөндеу жұмыстары  да тәмамдалуда.

Энергия үнемдеу жүйесіне көшкен білім ұйымдары

Мәселен, №13 орта мектеп 2020 жылы «Энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу бойынша жаңғырту бағдарламасы» аясында Дүниежүзілік даму банкінің грантын ұтып алған. Соған орай құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Мектептің үш қабатындағы барлық терезелер мен шығатын есіктер ауыстырылды, шатырды жылыту жұмыстары жүргізіліп, ауа райына байланысты жұмыс жасайтын үнемді жылу жүйесі орнатылады. Мектептің жарықтандыру жүйесі толықтай ауыстырылады.

 Мектеп басшысы Айсұлу Налиеваның айтуынша, мектепте екі ауысымда 800-ден астам оқушы білім алады. Оның ішінде 200-ден астамы түзету сыныбында оқиды.

 – 1 сыныпқа 96 бүлдіршін қабылданды. Алты сынып болады. Оның үшеуі – коррекциялық-дамытушылық сынып болады, – деді мектеп басшысы.

Дәл осындай «Энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу бойынша жаңғырту бағдарламасы» жаңғырту  жұмыстары қаладағы №15 «Ақбота» балабақшасында жүргізілуде. Қос қабаттағы терезелер, сыртқы  есіктер ауыстырылған. Шатыры мен қасбеті де қапталған.

Томирис СҰЛТАН