Әкімдікке шағымданған алматылық әйел Jah Khalib-тің сұхбатын бөліп жіберді (ВИДЕО)

Ол түсірілім тобы мен өнерпазға әкімдікке деген уәжін айта бастайды. 

Әкімдікке шағымданған алматылық әйел Jah Khalib-тің сұхбатын бөліп жіберді (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Танымал әнші Jah Khalib-тің (Бахтияр Мамедов) сұхбатын бөліп жіберген алматылық әйелдің әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп хабарлайды Stan.kz. 

Музыкант ресейлік YouTube-арнасындағы “Люди говорят" бағдарламасының қонағы болды. Ол сұхбатында балалық шағы, музыкадағы мансабы мен отбасы жайлы сөз қозғады. Алматыда өткен түсірілім кезінде әншінің әңгімесін жергілікті тұрғын бөліп жібереді. Ол түсірілім тобы мен өнерпазға әкімдікке деген уәжін айта бастайды. 

Міне, мына ауладағы алаңқайды құрылысшылар соңына дейін аяқтамай кетіп қалды. Әкімдіктен арнайы рұқсат алған едік. Алайда балалар алаңы жоқ, ауланы қазып-қазып тарап кетті, – дейді әйел. 

Дегенмен, әншінің “бұған кім жауапты?” деген сұрағына тұрғын жауап бере алмады.