Сонымен қатар, ІІМ қылмыстың көп тіркелуі бойынша елді мекендерге талдау жүргізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарына өзгеріс енгізбек.
Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде шерифтер пайда болуы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz.
"Біз АҚШ, Ұлыбритания мен Канадада кеңінен тараған шерифтер моделін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков онлайн брифинг барысында.
Сондай-ақ елде «аттам жердегі полиция» қағидатын енгізу көзделген. Сонымен қатар ІІМ қылмыстың көп тіркелуі бойынша елді мекендерге талдау жүргізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарына өзгеріс енгізбек.
Шериф – әкімшілік-соттық лауазым. АҚШ-та шериф округтық полицияның басшылығында тұрады. Ал Ұлыбританияда графтықтардағы үкіметтің негізгі өкілі саналады.