Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ШҚО-да өлілерден "ақша жасаған" шенді сотталды

Бір жыл ішінде олар 1,5 миллион теңгеден астам табыс тауыпты. 

ШҚО-да өлілерден "ақша жасаған" шенді сотталды
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот-медициналық сараптама орталығының бастығы қайтыс болған адамдардың туыстарынан пара алып, марқұмдардан "ақша" жасаған, деп хабарлайды zakon.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ол сараптама процесін тез жүргізу үшін ақша алған. Қызметінің құны - 128 мың теңге. 

Сондай-ақ ол мәйітті жуындырып, киіндіруге көмектескендері үшін де ақша алған. Оған төрт санитар көмектесіп отырған. Бір жыл ішінде олар 1,5 миллион теңгеден астам табыс тауыпты. Енді барлығы сотқа тартылуда.

Сот сараптамасы орталығының бастығы мен оған осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға көмектескен төрт адам кінәлі деп танылып, сотталды. Басшыға қолғабыс еткендер бір жыл бас бостандығынан айырылды. Ал сараптама орталығының басшысының өзі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді Өскемен қаласының No2 соты төрағасының міндетін атқарушы Тельман Әлімханов.