Елімізде былтырғы жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы қаншаға артты?

2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті.

Елімізде былтырғы жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы қаншаға артты?
Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстанда коронавирус індеті өршігелі бері, ақ халатты абзал жандарға артар жүк те ауырлай түсті. Осыған орай, мақаланың бүгінгі санын дәрігерлерге былтырғы жылы қанша үстемақы берілді деген тақырыпқа арнамақпыз.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілгені белгілі. Алексей Цой жұқтыру қаупіне қарамастан, барлық дәрігерлердің, медбикелердің, санитарлардың, жедел жәрдем бригадаларының, зертханашылар мен эпидемиологтардың нашар зерттелген вируспен күрестегі ерлігі мен жанқиярлығын атап өтіп, КВИ-мен күреске тікелей қатысқан қызметкерлерге 3 тәуекел тобына 116 млрд теңге мөлшерінде үстемеақы төленгенін хабарлады.

"Мемлекет басшысының шешімінің арқасында үстемеақымен қатар, 9 мыңнан астам науқас әлеуметтік төлем алды", - деп еске салды денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Айта кету керек, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті.

Бұдан басқа, оқшаулау кезеңінде қазақстандықтарды қолдау үшін президенттік шаралар пакеті әзірленді, ол жұмысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, ипотеканы төлеуді кейінге қалдыруды, зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін 10% индекстеуді, халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай ішінде 15 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызметтер төлеуді өтеуді, бизнесті салық төлеуден босатуды және тағы басқа шараларды қамтыды.

Сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілді. Осылайша, "Даму" қорының деректері бойынша 2020 жылғы 16 наурыз бен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қорының "субсидиялау" құралы бойынша шағын және орта бизнестің 4179 жобасы қайта құрылымдаудан өтті. Осы кезеңде "кепілдік беру" құралы бойынша қор 3 291 жоба бойынша қайта құрылымдауды ұсынуды келісті.

"Төтенше жағдай кезінде KazakhExport шикізаттық емес сектордың 6 млрд теңгеден астам сомаға (17 – ірі кәсіпорын, 4 – орта, 5 – шағын) 26 қазақстандық экспорттаушыны қолдады", - деп хабарлады қор өкілдері.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қазан айында COVID-19 пандемиясы кезінде экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнеске субсидия беру бағдарламасы қабылданды. Бұл барлығы экономиканың 29 секторын қамтыды.

"8 454 жобаға қолдау көрсетілді, онда несие портфелінің жалпы көлемі 426,8 млрд теңгені құрады. Осы бастама шеңберінде субсидиялар 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызды қоса алғанда 1 жыл мерзімге беріледі", - деп хабарлады қор өкілдері.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындай отырып, халықты қолдау мақсатында "Отбасы банкі" және Қазақстандық ипотекалық компания (қазіргі қазақстандық тұрғын үй компаниясы) айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу-сату/сатып алу мәмілелері бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынды. Кейінге қалдыру 34,7 мың клиентке берілді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстандық ипотекалық компания 2020 жылдың соңына дейін ұйымның меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау ақысын тоқтата тұрды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2021 жылғы 1 ақпанда басталған ковидке қарсы вакцинация жүргізілуде. Вакцинация барлық өңірлерде жүргізілуде, осыған орай ел бойынша жүздеген егу пункттері ашылды.