Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алакөлде жергілікті жастар мен туристер арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелес Алакөл ауданы Ақши ауылындағы ойын-сауық мекемесінде осы жылдың 15 тамызынан 16 тамызына қараған түні болғанын растады.

Алакөлде жергілікті жастар мен туристер арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылында орналасқан дәмханаға келушілер арасында жаппай төбелес болды деп хабарлайды Paryz.kz

Әлеуметтік желілерде таралған видеода жергілікті тұрғындардың демалып жатқан туристермен жанжалдасқанын байқауға болады: 

Біз Алакөлдегі Ақшиденбіз. Жергілікті жабайылар үнемі туристерге шабуыл жасайды. Ал билік үндемейді немесе олар таныстары арқылы шешеді, - дейді видео авторы. 

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелес Алакөл ауданы Ақши ауылындағы ойын-сауық мекемесінде осы жылдың 15 тамызынан 16 тамызына қараған түні болғанын растады.

Анықталған инцидент бойынша Алакөл АПБ оқиға орнына барлық мән-жайларды анықтау үшін учаскелік полиция инспекторымен жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары келгеннен кейін кафе қызметкерлері өтініш жазды, осылайша, фактіні растады. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын болады. Айта кетейік, топтық төбелес кезінде куәгерлер немесе зардап шеккендер полицияға жүгінбеген, – делінген хабарламада.