Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің 90 млн теңгесін жымқырған

Сондай схеманың бірін Маңғыстау облысындағы банктің қызметкері пайдаланып, сотталған екен.

Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің 90 млн теңгесін жымқырған
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млн теңге жымқырып, оның бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, шығарып алған деп хабарлайды Paryz.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, букмекерлік кеңселер – кез келген кәсіпкерлік қызмет сияқты бизнестің бір бүрі.

Олардың Қазақстандағы қызметі «Ойын бизнесі туралы» Заңмен реттеледі. Сонымен қатар заңсыз онлайн-казинолардың жұмысы, букмекерлік кеңселердің ашық қаржы ағындары қылмыстық кірістерді жылыстату тәуекелін тудырады. Букмекерлік кеңселердің қызметі уәкілетті органдардың бақылауында, олар букмекерлік кеңселер арқылы қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларын жиі анықтайды, - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сондай схеманың бірін Маңғыстау облысындағы банктің қызметкері пайдаланып, сотталған екен.

2020 жылы Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млн теңгеден астам қаражат ұрлап, оның бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, - деп жазылған ресми мәліметте. 

Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» Заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.

Букмекерлік кеңселердің жекелеген қызметкерлері оңай пайда табу үшін заңның талаптарын елемейді және клиенттерді заңсыз онлайн-казино мен тотализаторларға тартады. Мысалы, Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің лауазымды тұлғалары сотталды. Сот оларды әртүрлі жазалау шараларына үкім шығарды, - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.