Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қабатовты 10 жылға қамау керек! – Айгүл Орынбек

Оның айтуынша, заң бәріне ортақ. 

Қабатовты 10 жылға қамау керек! – Айгүл Орынбек
фото: ашық дереккөз

Егер тарап жатқан ақпарат рас болса Тұрсынбек Қабатовты он жылға қамау керек деп хабарлайды Paryz.kz

Елдің алдында ақыл айтып, кейінгі кезде уағыз айтып жүрген адам мемлекеттің білім грантын алаяқтық жолмен игермекші болғаны үшін қатаң түрде жазалануы керек!
Елдегі жемқорлықты, сыбайластық жойылу керек деп әзілдеп жүріп , өзі білімді қызды сатып алып, қызының орнына кіргізу бұл енді барып тұрған қылмыс! - деді ол. 

Оның айтуынша, заң бәріне ортақ. 

Тағы оқи отырыңыз: Жүргізушісі адам қаққан Тұрсынбек Қабатов марқұмның туыстарынан кешірім сұрамаған

Тұрсынбектің қызының кінәсі жоқ, себебі ол он сегізге толмаған!
Кінә оның ата-анасында, яғни бүкіл отбасы мүшесі үшін жауап беретін отағасында!
Елдегі сыбайласқан жемқорлықты ашық түрде айтып, жазалаған кезде жоямыз!
Бұл жерде алаяқтық бабымен қоса жалған құжат жасап, арам жолмен мемлекеттің қаржысын яғни (грантты) жеңіп алып, талан таражға салмақшы болғаны нақты көрініп тұр!
Бұл іс жазасыз қалмау керек! - деді заңгер facebook-парақшасында.