Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді

Таяуда Орал қаласындағы кейбір қоғамдық көлік маршруттарына өзгеріс енгізілді. Бұл автобус маршруттары бір-бірін қайталамау және оңтайландыру мақсатында  қолға алынған еді.

Қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді

Сонымен №33, 52, 3К сынды қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді. Бұрын №33 автобус БҚО полиция депатаменті аялдамасынан шығып орталық базар арқылы ескі әуежай ауданына барса, енді ол орта жолдан бұрылып, Желаев күре жолы арқылы 6 шағын ауданға соғатын болды. Соған орай күн сайын бұл бағытта жүретін автобустар саны 20-ға жуықтады. Ал темір жол вокзалынан Согласия көшесіне дейін жүретін №52 маршрутқа Жамбыл, С.Датов, Букетная көшелеріндегі аялдамалар қосылды. Көлік саны 17-ге дейін көбейді. Коментерн ауылына подхоз аялдамасына дейін қатынайтын 3К енді жолай Жуков, Ә.Молдағұлова, Тайманов, Есенжанов, Алмалы, Мичурин көшелеріне де соғады. Есесіне №8 және №10 маршруттар жабылды.

-Бұл өзгерістің бәрі тұрғындардың жайлылығы үшін жасалуда. Мәселен, бұрынғы №10 маршрутта екі автобус қатынаса, енді 3К бойынша 30 минут аралықта 4 шағын автобус жүруде,-дейді Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмаз Ахошев.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы