Қазақстандағы ең танымал брендтердің бірі Орал қаласында жұмсақ жиһаз өндірісін іске қосты. Жобаны бастауда «ZETA» компаниясына айтарлықтай қолдау көрсетілді.
«Aqjaiyq ӘКК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету орталығының нақты көмек көрсетуімен, «Бір терезе» қағидаты бойынша өндіріс орнының мәселесі шешілді. Ауданы 2 000 шаршы метр болатын цехта күнделікті тұрмыста қолданылатын жұмсақ жиһаз шығарылуда. Жиһаздар жайлы, көпфункционалды, ең бастысы тиімді бағада.
Облыс аумағында «ZETA» компаниясының тауарлары кең танымал. Өнімдері сұранысқа ие және сатып алушыларды қанағаттандырады. Осы орайда олар жұмсақ жиһазбен қатар алдағы уақытта корпусты жиһаздарды шығаруға ниетті.
Айта кетейік, қазақстандық өндіруші «ZETA» компаниясы 1996 жылдан бастап кең спектрлі жиһаз, пластикалық және металды өнім шығару бойынша ұлттық нарықтағы тұрақты көшбасшы саналады. Сондай-ақ «ZETA» дүкендер желісі қарқынды дамып келеді және бүгінгі таңда Қазақстанның 26 қаласында 50-ден астам дүкені бар.
Томирис СҰЛТАН