Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қала әр тұрғын үшін қолайлы болуы тиіс

Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары «Арба» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге қала көшелеріне шығып, жаяу жүргіншілер жолының халықтың ұтқырлығы шектеулі тобы үшін қолайлылығын назарға алды.

Қала әр тұрғын үшін қолайлы болуы тиіс

Зерделеу жұмысы Орал теміржол вокзалы аумағынан басталды. Сондай-ақ Н.Назарбаев даңғылының бойы, Назарбаев даңғылынан қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейінгі  Ахмедияр Құсайынов көшесінде тротуарлардың тегіс және еңістігінің талапқа сай болуы қадағаланды. Назарбаев даңғылының бойында  жаяу жүргіншілер жолымен жолдың екінші бетіне өтуде кедергілер көп байқалмады. Ал қалалық демалыс саябағы бағытындағы тротуар бойынша жөндейтін, ретке келтіретін орындар бар.

Мүгедектер арбасымен қозғалатын қала тұрғындарының бірі – Қайрат Нұғманов. Күніге қала көшелерімен бірнеше шақырымды жүріп өтетін ол жолдың кебір бөліктерінде  кедергілерге  тап болатынын айтты.

  – Теміржол вокзалынан Жеңіс алаңына дейінгі Назарбаев даңғылы бойымен күнде қозғаламын. Вокзал мен Киров аялдамасы аралығында кедергілер кездеседі. Одан әрі қарай жақсы.  Жалпы тротуарлармен жүруде кедергілерге тап боламыз. Түсетін беткей болмаса, автокөлік қозғалатын орталық жолға шығуымызға тура келеді. Бұл – қауіпті. Жолдың екінші жағына өтер болсақ жаяу жүргіншілер жолына түсетін жер биік болып, тағы да қиындыққа тап келеміз, – дейді Қайрат Нұғманов.

Қала басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, ұтқырлығы шектеулі топтарға жайлы, қолайлы орта қалыптастыруда жұмыстар жүргізілуде. Ал бұл күні анықталған кедергілер ескеріліп, біртіндеп ретке келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Томирис СҰЛТАН