Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралдық қыздар ММА-да үздік болды

30 шілде мен 1 тамыз аралығында Болгарияда ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен оралдықтар олжалы оралды.

Оралдық қыздар ММА-да үздік болды

Нақтылап айтсақ, Раяна Ақдәулетова 70,3 келі салмақта топжарса, Гүлназ Абдрахманова 47,7 келі салмақ дәрежесінде 2-орын алды, Эльнара Бисенова осы салмақта қола жүлдегер атанды. Раянаның бұл марапаты - Орал өңіріндегі аталмыш спорт түрінен алынған тұңғыш алын медаль.

ММА аралас жекпе-жектен Орал қаласындағы жаттықтырушы Алмат Исентаевтың айтуынша, алғашқы әлем чемпионаты 2019 жылы Бельгияда өткен. Содан бері қатысушылардың дайындық деңгейі айтарлықтай өсті. «Соңғы кезде аталған спорт түрі елімізде де қарынды  дамуда,-деді ол. - Оралдық 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер республикада көшбасшы болып табылады. Алдағы уақытта өзге де жас ерекшеліктерінде үздік болуды мақсат тұтып отырмыз».

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы