Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әлеуметтік қолдау орталығының игілігін көруде

Осыдан екі-үш ай бұрын Орал қаласында «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылған еді. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асырады.

Әлеуметтік қолдау орталығының  игілігін көруде

Мемлекет басшысы қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды тапсырды. Әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруға мемлекет қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда «Тең қоғам» орталығы Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысын қанағаттандыруда,- дейді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.

Орталық ашылғаннан бері оралдық мүгедектігі бар 131 адамға қызмет көрсетілген екен. Олардың 30-ы әлеуметтік, 25-і психологиялық, 20-сы жұмысқа орналасу, 52-сі электронды қолтаңба ашу мәселелері бойынша жүгінген. 21 жанға әлеуметтік портал арқылы оңалту құралдарын алуға жәрдем берілді. Жалпы аталмыш орталыққа күніне орта есеппен 35-40 мүмкіндігі шектеулі адам келіп, шахмат, дойбы, үстел теннисі, нарды ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізіп жүр.

 

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы