Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

1,5 мың оралдық бір мезгілді жаттығу жасады

12 тамыз күні Орал қаласының шағын аудандарында, кенттік округтерінде, спорт мектептері мен стадиондарда, аула клубтарында, яғни шаһардың 35 жерінде тыныс алу жаттығуларымен шұғылдануға арналған іс-шара өтті. Кешкі сағат 20:00-де басталған жаттығуларға шамамен 1500 адам қатысты.

1,5 мың оралдық бір мезгілді жаттығу жасады

-Өткенде біз тұратын «Үш батыр қыз» ескерткіші маңындағы спорт мектебінде егде адамдарға арналған клуб ашылып қуанып қалған едік. Өз қатарластарымызбен сонда барып, сағат 21:00-ге дейін спортпен шұғылданамыз. Оған келушілердің саны аз емес. Ал, бүгін алаңнан сазды әуен естілгеннен соң осында келдік. Еліміздің көптеген өңірінде аулаларда жаттығу жасап жатқандарды теледидардан көретін едім. Енді Оралда осындай іс-шара қолға алынғанына қуаныштымын. Тыныс алу жаттығуларының жасқа да, кәріге де пайдасы көп. Бұйыртса енді тұрақты түрде келіп қатысамын. Әрі көршілеріме, туыстарыма хабарлаймын, - дейді Орал қаласының қаламыздың 84 жастағы тұрғыны Лида Иванова.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы