«Алматыда түнде у шашады»: Тұрғындар желіде тараған ВИДЕО-дан шошып жатыр

Жұмыс тиімді болуы түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады, – деп жазды басқарма өкілдері.

«Алматыда түнде у шашады»: Тұрғындар желіде тараған ВИДЕО-дан шошып жатыр
фото: видеодан скриншот

Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында қараңғы уақытта жол бойында өсіп тұрған ағаштарды суарып келе жатқан трактордың видеосын жариялаған. Видео жайлы қаланың құзырлы органдары пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, StopFake.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматының Жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша «Дезинфекция» мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс тиімді болуы түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады, – деп жазды басқарма өкілдері.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де түсініктеме берді. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізіледі және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын хабарлады.

Биологиялық өнімдер – тірі организмдер немесе тірі организмдер синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте ауқымды. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жеміс пен жапырақ ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым – ішкі ағзаларды зақымдайды, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеп соқтырады, – делінген Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің түсініктемесінде.