"Кибербуллинг құрбанымын" деген ол интернетте тарап кеткен видеолардың кесірінен денсаулығынан, жұмысынан айырылғанын, сондай-ақ, отбасының шырқы бұзылғанын айтты.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының атышулы педагогы - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған Ұлжан Елмұратова 31 телеарнаның "Ащы да болса ақиқат" бағдарламасына сұхбат берді деп хабарлайды Paryz.kz.
"Кибербуллинг құрбанымын" деген ол интернетте тарап кеткен видеолардың кесірінен денсаулығынан, жұмысынан айырылғанын, сондай-ақ, отбасының шырқы бұзылғанын айтты.
Сонымен қатар "завуч" журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзі туралы постты алып тастау үшін "1 миллион теңге сұрағанын" және заңгер Айгүл Орынбек "директордың жұмыстан кетуіне мені кінәлап, қаралады" деп мәлімдеді.