Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің орналасқан жері анықталды

Жеті айыпталушыға қатысты үкім осы жылдың мамыр айының соңында жарияланды.

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің орналасқан жері анықталды
фото: zakon.kz

Astana LRT экс-басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің орналасқан жері анықталды деп хабарлайды Paryz.kzinbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, Сұлтанбеков қазір АҚШ-та, оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ардан орналасқан елдің аты аталмады. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен атап көрсетілгендей, ол орналасқан мемлекеттің құқық қорғау органдары оны анықтау және қамауға алу шараларын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерполда жеңіл рельсті көлік құрылысы жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық пен жымқыру ісі бойынша іздеуде болған. Бұл іс бойынша тергеу өткен жылдың басында аяқталып, көп ұзамай сот басталды. Жеті айыпталушыға қатысты үкім осы жылдың мамыр айының соңында жарияланды.