Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 5 күн бұрын болған оқиға бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеп отыр.
Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңдарының бірінде жаппай төбелес болды деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желіге құрылысшылардың бір-бірімен төбелесіп жатқан видеосы тараған болатын.
Құрылыс алаңдарының бірінде болған жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 5 күн бұрын болған оқиға бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеп отыр.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында төбелес болған видеоны анықтады. Оқиға 6 тамызда, күндіз Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс нысанының аумағында болған. Құрылысшы бригадалар өзара сөзге келіп, төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысқандардың бәрі анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Төбелес туралы "102" нөміріне шақырту түскен жоқ. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД мәліметінде.