300 орындық мектеп бой көтеруде

Орал қаласына қарасты Бортау кентінде жаңа мектеп салынуда. Білім ұясының құрылысы алдағы жылғы бірінші тоқсанда аяқталады деп күтілуде.

300 орындық мектеп бой көтеруде
фото автора

Бүгінгі таңда мұнда бетон құю жұмыстарының 90 пайызын бітті. Қазір мектеп салушылар техникалық қабаттың құрылысымен айналысуда.  Бір айдың ішінде құрылысшылар бу жіберетін қазан және трансформаторлық кіші стансыны салып бітірді. Енді су құбыры, жылыту жүйесі сияқты инженерлік желілер тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар  мектеп аумағында бір мезетте спорт алаңын салу  да қатар жүруде.

– 300 оқушыға арналған бұл мектептің құрылысын биыл 24 маусымда бастадық. Жұмысқа 80 адам тартылса, оның он шақтысы жергілікті тұрғындар. Құрылыс материалдарының жартысынан көбі жергілікті өнімдер, – дейді мердігер компания шебері Жамбыл Аймұратов.     

Жоба бойынша екі қабатты мектептің ішінде сынып бөлмелерімен бірге акт залы, асхана, спорт зал, еңбек сабағына арналған шеберханалар, медициналық бөлме және ресурстық орталық орналасады.

 

Жұбан МҰРАТ,

                                         Орал қаласы