Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жаттығу – қатерлі дертке тосқауыл

Оралда көпшілік спорттық шараларға ерекше екпін беріле бастады. Соған орай оралдық жастар ашық алаңдарда тұрғындарға тыныс алу жаттығуларын үйретіп, қатерлі дертпен қоғам болып күресуге үндеп жүр.

Жаттығу – қатерлі дертке тосқауыл

Таза ауада тыныс алу жаттығуларын жасау жобасы бүгінгі таңда Оралдағы 9 спорт алаңында өтуде. Бұл шараға кез-келген тұрғын қатыса алады. Кейбір көп пәтерлі үйлердің ауласындағы спорт алаңдарында тұтас отбасы мүшелері шынығуда.

-Жаттығулар күніне екі рет, яғни таңмен сағат 8:00-ден бастап 11:00-ге дейін, кешке 18:00-ден 21:00-ге дейін өтеді. Жаттықтырушыларымыз бекітілген аудандарында жұмыстарын атқаруда. Белсенділік жоғары. Әсіресе жасы егде тартқандар жақсы қабылдап жатыр. Қазіргі таңда 500 адамға жуық жоба қатысушысы ретінде тіркелді. Бұл біздің жоспарымыздың жартысына жуығы. Көп кешікпей тиісті межеге де жетеміз деп ойлаймыз,-дейді жоба жетекшісі Қанат Досмағамбетов.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы